Қазақстан тауарлары Біріккен Араб Әмірліктері нарығында ілгерілетіледі
Фото: primeminister.kz
Мәжіліс депутаттары 2026 жылғы 22 сәуірде өткен пленарлық отырыста Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы экономикалық ынтымақтастықты реттейтін заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Заң жобасының толық атауы – "Еуразиялық экономикалық одақ пен оның мүше мемлекеттері және Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы экономикалық әріптестік туралы келісімді ратификациялау туралы".
Келісім 2025 жылғы 27 маусымда Минск қаласында жасалған. Оның негізгі мақсаты – ЕАЭО елдері мен БАӘ арасындағы жаңа экономикалық байланыстарды дамыту және нығайту, сондай-ақ Қазақстан тауарларын Біріккен Араб Әмірліктері нарығына шығару үшін қолайлы жағдай жасау.
Осыған байланысты Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті заң жобасын жұмысқа алып, оны қолдауға дайын екенін мәлімдеді, деді депутат Нұртай Сабильянов.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан мен БАӘ Жамбыл облысында жел электр станциясын салу туралы келісім жасаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript