Астанада бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқыту форматына уақытша көше тұрады

Қолайсыз ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2023 21:15 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК 10 қаңтарда елордада сынап бағаны 30-32 градусқа дейін төмендейтінін хабарлаған. Сондай-ақ синоптиктер 11 қаңтарда Астанада ауа температурасы 33-35, ал күндіз 25-27 аяз болатынын болжайды, деп хабарлайды Zakon.kz.


"2023 жылдың 10 қаңтарында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11(12) сынып оқушылары, колледждерде 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады".Астана қаласының білім басқармасы

Айта кетсек, алдында қатты аязға байланысты елорда әкімдігі мәлімдеме жасағанын хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ ұлттық автожол операторы бірқатар облыстардағы республикалық трассаларда дизельді отынмен жүретін рейстік жолаушылар автобустары мен автомобильдердің қозғалысына уақытша шектеулер енгізуді жоспарлап отырғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: