Жаңалықтар тізбегі
0

"Bala Qorgau" сайтына 70-тен аса өтініш келіп түскен

Балалар құқығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2023 18:41 Сурет: unsplash
Түрлі жағдайға тап болған оқушылар "Bala Qorgau" ақпарат тақтайшасындағы QR-кодты сканерлеп, консультациялық көмек сұрай алады. Тақтайша еліміздегі 7 мыңға жуық мектепке қойылған. Жыл басынан бастап сайтқа 70-тен аса өтініш түсті, басым бөлігі балалардан келген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Веб- сайтқа кірген оқушы мен ата-ана алдына ала жазылған кеңестерді оқып, сұрақ жолдауға болады. Олардың сауалына арнайы чатта мамандар жауап береді. Хабарлама арқылы сөйлесіп, көмек көрсетіледі. Өтініш берушінің аты-жөні құпия сақталады.

"Биыл жыл басынан бастап сайтқа 70-тен аса өтініш түсті, басым бөлігі балалардан келген. Олар ата-анасымен арадағы түсініспеушілік, бала махаббат, достарының арасындағы қарым-қатынастың бұзылуы туралы мәселелермен хабарласқан. Біз әр сұраққа уақытылы жауап береміз, ал өңірлердегі мектеп оқушыларынан келген сұрақ болса облыстағы мамандар жауап беріп, байланыс жасайды". Балалар құқықтарын қорғау комитетінің басқарма сарапшысы Эльмира Кадимова

Веб-сайтта оқушылар ғана емес ересектер де проблемалық жағдайларды шешу бойынша кеңестермен таныса алады. "Bala Qorgau" оқушылардың, сондай-ақ олардың ата-аналарының құқықтық сауаттылығын арттыруға көмектеседі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: