Каспий жағалауынан әлі де өлі итбалықтар табылып жатыр
Сурет: unsplash
Форт-Шевченконың орталық жағалауынан итбалық өлекселері тағы да табылды. Қазір оларды жинау және кәдеге жарату жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өлі итбалықтарды 18 мамырда Форт-Шевченко жағалауында жүріп келе жатқан жергілікті тұрғын тауып алған.
Әрі қарай жүрсең, өлі итбалықтар тағы да табылары анық. Өйткені алыстан бір топ құстардың бірдеңені шұқып жатқанын көрдім, – деді ол Lada.kz-ке.
Түпқараған ауданының әкімдігі қазір Каспий итбалығының өлім себебін анықтап жатқанын айтты.
Айта кетейік, бұл Каспий теңізінде итбалықтардың қырылуының бірінші оқиғасы емес. 27 сәуірде Каспий теңізінің Маңғыстау бөлігінің жағалауын зерттеу барысында 94 өлі итбалық өлексесі табылды.
Бұдан кейін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті жағалаудағы мониторинг жалғасып жатқанын мәлімдеді.
Кейіннен 14 мамырда Маңғыстау облысынан 64 өлі итбалық пен бес бекіре балығы табылды.
Теңіз жануарлары мен бекіре тұқымдас балықтардың өлексесі қатты ыдырау сатысында болды. Салдарынан зерттеу үшін ұлпа үлгілерін алу мүмкін болмады. Содан олар қыста өлген деп болжауға болады.ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript