Каспий итбалығы неден қырылғаны зерттелді
Осы қорытындыға сай табылған ұшалардың қатты ыдырауына байланысты, өлімнің нақты себептерін анықтау мүмкін болмады. Сонымен қатар ғалымдар мен құзыретті мемлекеттік органдардың пікірінше, жаңа туған күшіктердің мұз үстінде ашық теңізге шығару салдарынан олардың әлсізденуі, күшіктердің суға түсуі салдарынан қатып қалуы, ересек итбалықтардың балық аулау торларына түсуі, сонымен қатар олардың кемелердің бұрандаларына түсуі өлуінің ықтимал себептері болуы мүмкін, – делінген Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі хабарламасында.
Ғылыми ұйымдар мен мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері Каспий теңізінде жүргізіліп жатқан түп тереңдету жұмыстары табылған итбалықтардың қырылуына тікелей әсер етпейді және олардың қаза болуының ықтимал себебі ретінде қарастырыла алмайды деген ортақ пікірге келді.
Каспий итбалығы трансшекаралық су жануарлары болғанына байланысты, 2021 жылғы қыркүйекте Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы барысында Қазақстан мен Ресей Экология министрліктері арасында каспий итбалығының популяциясын сақтау жөніндегі 2021-2026 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойылды.
2020 жылдан бастап Каспий итбалығы Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесіне енгізілді (ҚР Қызыл кітабы) және ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес, жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз айналысу 3000 АЕК дейін айыппұл салуға немесе 3 жылға дейін бас бостандығын шектеумен жазаланады.