Теңге бағамы нығайды
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) таңертеңгі саудада доллардың орташа сараланған бағамы 3,87 теңгеге төмендеп, 501,49 теңгені құрағанын жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақша айырбастау орындарында доллар 503-507 теңге, еуро – 560-566 теңге, рубль – 4,95-5,45 теңгеден сатылып жатыр.
Еске салайық, президент Владимир Путиннің мәлімдемесі аясында 23 наурызда Мәскеу биржасындағы сауда кезінде доллар құны 100 рубльден төмен түсті.
Осыдан кейін Еуропадағы газ бағасы биржадағы сауда кезінде 1000 текше метр үшін 1350 доллардан жоғары көтерілді.
Бұл арада мұнайдың әлемдік бағасы көтерілуде.
Лондон қор биржасының мәліметінше, Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 120 доллардан асты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript