Теңге бағамы аздап нығайды
![теңге бағамы нығайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2022 11:18](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-9e00a1a9-66be-44d1-bc47-8f53c1d1af0d/800x451.webp)
Қазақстан қор биржасы (KASE) 11:00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 494,74 теңгені (-0,26) құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақша айырбастау орындарында доллар 486-495 теңгеге сатылды/сатып алынды, еуро 546-555 теңгеге өсті. Рубль – 5,00-5,55 теңгеге тең.
Ал 1 наурыздағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.
WTI маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстері 0,90%-ға өсіп, барреліне 96,60 долларды құрады.
Brent маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерсінің құны 1,03%-ға өсіп, барреліне 98,98 долларды құрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript