Доллар бағамы тұрақтанды

доллар бағамы, тұрақтанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2022 11:16 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 11:00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 511,81 теңгені (+0,07) құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кешегі саудада еуроның орташа бағамы 570 теңге, қытай юанінің бағамы 80,40 теңге болды.

Ресей рублінің бағамын Ұлттық банк 4,54 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау пункттерінде доллар 515-520 теңгеге сатылып/сатып алынса, еуро 588-599 теңгеге өсті. рубль – 4-5,5 теңге.

Ал 15 наурыздағы сауда-саттық барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.

WTI маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстері 4,61%-ға төмендеп, барреліне 98,26 долларды құрады.

Brent маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстерінің құны 4,68%-ға арзандап, барреліне 101,90 долларды құрады.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: