6 қыркүйекте өткен аукционда доллар бағамы тұрақтанды
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,73 теңгеге (-0,05) түсті.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 67,93 теңгені (-0,26) құрады.
Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын 468,9 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 473-477 теңгеге сатылды/сатып алынды, еуро 469-476 теңгеге өсті. рубль – 7,2-7,65 теңге.
Ал 6 қыркүйектегі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы әртүрлі бағытта өзгерді.
Осылайша, Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қарашадағы фьючерстерінің құны 0,72%-ға арзандап, барреліне 95,05 долларды құрады.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электронды саудада қазан айындағы WTI мұнайының фьючерстерінің бағасы 2,04%-ға өсіп, барреліне $88,64 құрады.
Оқи отырыңыз