26 ақпандағы аукционда доллар бағамы аздап төмендеді
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 449,96 теңгені (-0,09) құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 62,50 теңгені (+0,05) құрады.
Ұлттық банк еуроның бағамын 486,64 теңге, рубльді 4,83 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 449,9-451,5 теңгеге, еуро 487-490 теңгеге, ресей рублі 4,77-4,85 теңгеге сатылуда.
Ал, 26 ақпандағы аукционда әлемдік бағаның төмендеуі жалғасуда.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында Brent мұнайының мамыр айындағы фьючерстерінің құны 0,57%-ға арзандап, барреліне 80,34 долларды құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстері 0,60%-ға арзандап, барреліне 76,03 долларды құрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript