Жаңалықтар тізбегі
0

Бағдат Мусин: Біздің басты басымдықтардың бірі – ІТ саласын дамыту

Бағдат Мусин мәлімдеме жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2023 13:25 Сурет: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі
2023 жылғы 2 ақпанда Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Digital Almaty-2023 халықаралық цифрлық форумының салтанатты ашылуында сөз сөйледі.

ҚР  Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Digital Almaty қазірдің өзінде бизнес өкілдері, халықаралық сарапшылар және IT қауымдастығы бас қосатын бірегей алаңға айналғанын атап өтті.

"Digital Almaty" бүгінде бизнес өкілдерінің, халықаралық сарапшылар мен IT-қоғамдастық кездесетін бірегей алаңға айналды. Басты басымдықтарымыздың бірі - IT-саланы дамыту. Қазақстандық IT-нарығы - бұл қазірдің өзінде 10 мыңнан астам IT-компаниялар мен осы салада жұмыс істейтін 150 мың адам. IT-индустрияда жұмыс істейтін бір адам аралас салаларда 3 жұмыс орнын ұйымдастырады". Бағдат Мусин.

Ол форумда IT-индустрияның заманауи тенденциялары ғана талқыланып қоймай, сонымен қатар оны тәжірибеде қолдану үшін ең тиімді шешімдер пысықталатынын атап өтті.

Министр қазіргі заманауи әлемде IT көптеген міндеттерді орындауға көмектесетінін және жайлы өмір сүруге барынша жағдай жасайтынын атап өтті. Сондықтан біздің мемлекет экономика саласында немесе жалпы процестерде ғана емес, оған қоса азаматтар өмірінің барлық кезеңдерінде бизнес-процестерін цифрлық трансформациялау жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде.

Алматы әкімі Ерболат Досаев өз сөзінде Алматыны Қазақстанның ең ірі мегаполисі екенін және Алматының цифрлық трансформацияда сенімді фарватер ретінде атап өтті. Қалаға цифрландыруды енгізу деңгейі Қазақстандағы ең жоғары көрсеткішке ие: мемлекеттік қызметтердің 96% -ы цифрлық форматта көрсетіледі және бұл көрсеткіш ұдайы өсіп келеді.

"Алматыны одан әрі дамыту және қаланы басқаруды жақсартуға мүмкіндік беретін платформалық шешімдер маңызды жоба болып табылады. Бұл - қаланың бірыңғай деректер қоймасы және геоаналитиканың бірыңғай платформасы. Бірыңғай бейнемониторинг жүйесі биыл Алматының 80% -ын қамтиды. Бұл цифрландыру үшін жасалатын цифрландыру емес, бұл әуелі қалада жайлы орта құру және қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету", - деп атап өтті Досаев.

Digital Almaty - бұл цифрлық күн тәртібін, цифрлық трансформацияның жаңа стратегияларын және цифрлық технологиялар саласындағы трендтерді талқылауға арналған дәстүрлі диалог алаңы. Форум 2018 жылдан бастап бесінші рет өткізіліп келеді.

Іс-шараны ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының Әкімдігі, Tech Garden және Astana Hub ұйымдастырады.



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: