Жаңалықтар тізбегі
0

"Бір айға 100 мың теңге келді!". Ашулы елордалықтармен монополистер бетпе-бет кездесті

Тариф, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2023 19:46 Сурет: pixabay
Желтоқсан айында Астананың көптеген тұрғыны электр энергиясы бойынша келген түбіртектегі соманы көріп, таң-тамаша болды. Олар бұрын төлеп жүрген әдеттегі сомадан бірнеше есе артық төлем жасауға міндеттелді. Монополистер аталған жағдайға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығында ұйымдастырылған электр энергиясы төлемдерінің мәселелері бойынша кездесуге "Үркер" ауылының да тұрғыны келді.

"Мен мұнда тұрып жатқаныма үш жыл болды, сол үш жылда қыста айына орташа есеппен 12-15 мың теңге, ал жазда электр энергиясы үшін 20 мың теңгеге дейін (суды жылыту құрылғысын пайдаланғаны үшін - ред.) төлеп жүрдім. Бірақ, бір жыл болды, міне қараңыздар, шоттағы сома 4-5 есе жоғары. Сіздердің ұйымдарыңызда болдым, бірақ менің мәселемді ешкім шешпеді. Қаңтар айында 97 мың, ал ақпан айында 100 мың теңге төледім. Мен отбасымды асыраймын ба, әлде сіздердің қателіктеріңіз үшін немесе ұрланып қосылған біреу үшін ақы төлеймін бе? Есептегіш құрылғыны тексертуге апардым, бәрі дұрыс, бұзылмаған. 100 мың теңге болу үшін қанша энергия тұтыну керек? Бұл үй емес, металл жонатын цех болуы тиіс". "Үркер" ауылының тұрғыны

Ер адам барлық шамдарды энергияны үнемдейтін шамдарға ауыстырғанын және мүмкіндігінше үнемдеуге тырысатынын айтады, бірақ бәрібір ай сайын үлкен шот келеді.


"Үш шамды үш монополист басқарады, бірақ аяғы осындай". "Үркер" ауылының тұрғыны

"Астана РЭК" Басқармасының төрағасы Ерлан Бердалин бұл арада мәселе барын мойындады.

"Соңғы кездері адамдар өте қымбат төлемдер ала бастағанын айтып, телефон шалып, шағымдар жаудырып жатыр. Мұның белгілі бір себептері бар. Бірінші кезекте "АстанаЭнергоСбыт" атынан қыркүйек, қазан қараша айларына шартты есептеулер жүргізіп, желтоқсан айында адамдарға үш-төр айдың: қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсанның түбертіктері жолданған. Адамдар ашуланып, мәселе көтере бастады". Ерлан Бердалин

Оның айтуынша, мұндай жағдай тарифтермен байланысты емес: олар сол деңгейінде қалып отыр. Бұл абоненттердің деректерін бір компаниядан екіншісіне өткізіп беру процесінің күрделілігіне байланысты жайт, - деді ол.

"Қаңтар айының соңында біз соңғы деректерді алдық... Шартты есептеулерге үш айға дейін жасауға рұқсат етіледі, бұл заңды бұзу болып табылмайды, бізде база болған жоқ, әр абоненттің тарихы болған жоқ, сондықтан шартты есептеулер жүргізілді. Бірақ желтоқсан айында біз соңғы бірнеше айдың щотын ұсындық. Адамдар бұл тек желтоқсан айындағы төлем деп ойлап қалған, бірақ қыркүйек, қазан және қараша айларында олар таза түбіртек алғанда бұл туралы ешкім ештеңе айтқан жоқ, ешкім ашуланбады. Ал желтоқсанда наразылық толқыны басталды. Шілде айында біз үйлердің бір бөлігін қабылдадық, үйлердің көп бөлігін желтоқсан айында қабылдадық және нақты цифрды алып шыққанда адамдар ашулана бастады". Ерлан Бердалин

Ол жағдайды түзету үшін қолдан келгеннің бәрінжасап жатқандарын жеткізді. Монополист ешбір тұтынушы назардан тыс қалмайды деп уәде береді.


"Егер шынында да артық төлем жасалған болса, ол автоматты түрде келесі айда алынады. Ешкім алданып қалмайды". Ерлан Бердалин

"Астанаэнергосбыт" ЖШС Бас директорының орынбасары Дәурен Қабдин де өз кезегінде аталған жағдайға түсініктеме берді.


"Біз қыркүйек айынан бастап үйлерді тапсыра бастадық. Сондықтан кінәні бізге қарай итермеңіз. Мен де дәлелдер табамын олай етсек. Бірақ бұл мәселе шешімі болмайды. Сондықтан мен қазір қызмет жұмысы туралы айтудан үзілді-кесілді бас тартамын, оның орнына басты жұмысқа кірісуді ұсынамын және Сіздерден тұтынушылар тізімін күтеміз, осылайша біз шоттарды қайта есептеп, түзейтін жерін түзеп, күзейтін жерін күзеп, есеп айырысатын боламыз". Дәурен Қабдин

Ол "қараша-желтоқсан айларында тұтынушының ай сайынғы әдетте төлеп жүрген сомасынан төлемдер төмен болғанын" нақтылай кетті. 

"Егер ол үнемі 300 киловаттқа ақша төлеп жүрсе бұрын, онда ол қараша-желтоқсан айларында, мысалы, 150-ге дейін "қысқарды", қаңтарда енді ондай жоқ, сонда екі айда 300 киловатт болса, оған қаңтардың 300-і қосылады, сөйтіп 600 киловаттқа түбертек келеді. Біз жауапкершіліктен қашпаймыз ( ... ) Шынымды айтсам, бұл арада бірнәрсені дәлелдеп жатудан мағына көріп тұрғаным жоқ (кім кінәлі, кім кінәсіз - ред.). Бұл арада, бастысы, өтініштерді қабылдау, қалыптасқан деректерді талдау және екі қызметтің күшімен есептелген есептеулерді түзету қажет екені түсінікті". Дәурен Қабдин

Монополистер астаналықтардан қайта есептеу жүргізу үшін өздеріне жүгінуді сұрайды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: