Жаңалықтар тізбегі
0

Дұрыс бағыт: "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ әлеуметтік-еңбек мәселелерін тиімді әдіспен шешуді қолдайды

«Бәйтерек» холдингінде Омбудсмен институтын құрудағы мақсат, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2023 10:00 Сурет: «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ
Холдингтегі Омбудсмен институтының мақсаты, негізгі принциптері қандай және Омбудсмен әлеуметтік-еңбек дауларын реттеу үшін қандай шаралар қолданады?

Осы сұрақтарға Бәйтерек холдингінің омбудсмені, Торонто университетінің, Назарбаев Университетінің Мемлекеттік саясат жоғары мектебінің түлегі, Дауларды тиімді шешу орталығының кәсіби сертификаты (медиация), сондай-ақ АХҚО Халықаралық төрелік орталығының Жалпы ағылшын құқығы бойынша сертификаты бар, заң ғылымдары және мемлекеттік басқару магистрі, Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Ардақ Қайсарұлы Жұмағалиев жауап берді.

- Ардақ Қайсарұлы, Бәйтерек холдингінде омбудсмен институтын құрудағы мақсат не?

Холдингте қызметкерлер мен мүдделі тұлғаларға еңбек дауларын шешуде бейресми көмек көрсету, корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру және Іскерлік әдеп кодексінің нормаларын сақтау мақсатында Омбудсмен институты енгізілді. Омбудсмен Холдинг қызметкерлерінің корпоративтік даулар мен мүдделер қақтығысы бойынша өтініштерін қарайды, сондай-ақ, корпоративтік басқару жүйесін, Іскерлік этика кодексінің принциптері мен ережелерін әзірлеуге, оны практикалық тұрғыдан іске асыруға қатысады.

АҚШ-тың Массачусетс технологиялық институтының жаныдағы Слоун басқару мектебінің халықаралық тәжірибесіне сүйенсек, Омбудсмен институты дауларды реттейтін тиімді жүйенің қажетті және экономикалық негізді элементі болып табылады. Сот дауларына балама ұсынатын Омбудсмен кеңсесінің болуы дау-жанжалдарды бастапқы кезінде шешуге мүмкіндік береді, бұл, өз кезегінде, туындаған проблемаларды тараптар үшін барынша аз шығынмен жылдам шешуге жағдай жасайды.

Омбудсмен әлеуетті проблемалар туралы маңызды мәліметтерді жинап, талдай алады.

- Холдингтің омбудсмені еңбек ұжымындағы дауларды қалай қарастырады?

Тәуелсіздік, объективтілік, бейтараптылық, әділдік, құпиялылық пен бейресмилік принциптерін сақтау Холдинг омбудсмені жұмысының ерекшелігі болып табылады. Омбудсмен дербес әрекет етеді және қарсы тараптардың ешқайсысының сөзін сөйлемейді. Өз қызметінде бейтараптық пен әділдік принциптерін сақтайды.

Омбудсмен өтініш берген адамның рұқсатынсыз ақпаратты жария етпейді және жинақтаған ақпарат негізінде шешім қабылдайды. Сонымен қатар, Омбудсмен тараптарды тыңдап, туындаған дауды тиімді әрі конструктивті реттеу үшін қажетті түсініктемелер бере отырып, өз қызметін бейресми негізде жүзеге асырады. Ол Холдингтің Директорлар кеңесіне есеп береді, бұл оның тәуелсіздігін қамтамасыз етеді.

- Омбудсмен ұжымдағы дауларды реттеу мақсатында түсініктеме беруден басқа қандай шаралар қолданады?

Омбудсмен өз жұмысы аясында консультациялар өткізеді, одан әрі Холдингте корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар беру үшін ақпарат жинайды, тараптардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруді көздейтін шаралар қабылдайды, қажетті ақпарат алуға жәрдемдеседі. Сонымен қатар, Омбудсмен дау-жанжалға қатысушылар үшін дауды реттеу бойынша ұсынымдар әзірлейді. Егер дауды бейресми түрде реттеу мүмкін емес болса, Омбудсмен дауды заңнамаға сәйкес шешуге жәрдем көрсетеді.

- Ардақ Қайсарұлы, Омбудсмен аталған принциптерді тиімді жүзеге асыру үшін қандай қасиеттерге ие болуы керек?

Ең алдымен, Омбудсменде болуы тиіс маңызды қасиет – дау-жанжалдың әр тарабының қажеттіліктері мен мүдделерін сезіну және түсіну. Ол түрлі көзқарастарды тыңдап, талдай алуы тиіс, барлық тараптарды ортақ бітімге келтіріп, олардың мүдделерін ескеретін шешімдер таба білуі керек. Сондай-ақ, қарым-қатынас орнатып, тіл табыса білу, тараптар сенім артатындай етіп өз ойын жеткізу, өз шешімін дәлелдей алу, тараптарды оның ұсыныстарын қабылдауға көндіре білу маңызды дағдылар болып табылады. Мол жұмыс тәжірибесі мен мінсіз іскерлік беделінен басқа, медиация немесе дағдарыс-менеджмент дағдыларының болуы құпталады.

 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: