"ҚазТрансОйл" мұнайды Қазақстан аумағы арқылы өткізуге және экспорттауға арналған қызметіне тарифтерді көтерді

«ҚазТрансОйл» АҚ, мұнай эскпортына тарифтер, мұнай эскпорты, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.05.2023 14:39 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
"ҚазТрансОйл" АҚ бас директорының 2023 жылғы 31 наурыздағы бұйрықтарымен мұнайды Қазақстан аумағы арқылы өткізуге және экспорттауға арналған қызметіне тарифтерді көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компания өкілдерінің мәліметінше, жаңа тарифтер 2023 жылғы 1 мамырдан бастап енгізіледі.

  • Т. Қасымов атындағы мұнай айдау станциясындағы теміржол цистерналарына мұнай құю тоннасына 1 213,20 теңге мөлшерінде (ҚҚС-сыз) (бұрын 1 тоннаға (ҚҚС-сыз) 409,57 теңге тариф болған);
  • Т. Қасымов атындағы мұнай айдау станциясында мұнайды жылытусыз Каспий құбыр консорциумы жүйесіне ауыстырып тиеу тоннасына 263,49 теңге мөлшерінде (ҚҚС-сыз) (бұрын 1 тоннаға (ҚҚС-сыз) 122,91 теңге тариф болған);
  • Т. Қасымов атындағы мұнай айдау станциясында мұнайды жылытып, Каспий құбыр консорциумы жүйесіне ауыстырып тиеу тоннасына 320,09 теңге мөлшерінде (ҚҚС-сыз) (бұрын 1 тоннаға (ҚҚС-сыз) 128,43 теңге тариф болған);
  • "Мақат" мұнай айдау станциясында мұнайды "Кеңқияқ - Атырау" мұнай құбырына ауыстырып тиеу тоннасына 2 283,27 теңге мөлшерінде (ҚҚС-сыз) (бұрын 1 тоннаға (ҚҚС-сыз) 1 118,10 теңге тариф болған);
  • "Кеңқияқ" бас мұнай айдау станциясында мұнайды ауыстырып тиеу тоннасына 337,5 теңге мөлшерінде (ҚҚС-сыз) (бұрын 1 тоннаға (ҚҚС-сыз) 89,15 теңге тариф болған);
  • бірыңғай маршруттау жөніндегі операторлық қызмет тоннасына 84,47 теңге мөлшерінде (ҚҚС-сыз) (бұрын 1 тоннаға (ҚҚС-сыз) 41,45 теңге тариф болған);
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспорттау мақсатында Н.Н. Шманов атындағы мұнай айдау станциясындағы мұнай тоннасына 1000,00 теңге мөлшерінде (ҚҚС-сыз) "Кеңқияқ - Атырау" мұнай құбырына ауыстырып тиеу (бұрын 1 тоннаға (ҚҚС-сыз) 500 теңге тариф болған).


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: