Қазақстан мен EDF атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Кездесу, Қазақстан, EDF, атом энергетикасы, француз компаниясы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2025 21:23 Сурет: ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі
Бүгін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде Францияның ең ірі электр энергиясын өндіруші компаниясы және әлемдегі ең ірі атом электр станцияларының операторы – EDF компаниясымен кездесу өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу Қазақстанда АЭС салу үшін жеткізушіні немесе консорциумды таңдауға бағытталған бәсекелестік диалог аясында әлеуетті ядролық технология жеткізушілерінің ұсыныстарын бағалауға арналған келіссөздер сериясының бір бөлігі болды.

EDF компаниясы ең жоғары қауіпсіздік стандарттарына негізделген мол тәжірибесін ескере отырып, Қазақстанмен ұзақ мерзімді серіктестікті дамытуға дайын екенін атап өтті.

Айта кетейік, бәсекелестік диалог – елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сенімді серіктес пен тиімді технологияны таңдаудағы маңызды кезеңдердің бірі.

2025 жылы 18 наурызда Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Жарлыққа қол қойды. Оған сәйкес Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі  құрылды. Агенттік төрағасы болып Алмасадам Сәтқалиев тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: