Жаңалықтар тізбегі
0

Шағын жинақты мектептерде оқу процесін цифрландыру курстары басталды

БҚО, мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсы, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2023 10:25 Сурет: "Өрлеу" БАҰО АҚ кәсіби даму институтының баспасөз қызметі
БҚО бойынша цифрлық трансформация жағдайында оқу процесін тиімді басқару үшін ауылдық шағын жинақты мектеп басшыларының басқарушылық құзыретін арттыру мақсатында Казталов, Теректі, Бөрлі, Бөкейорда, Ақжайық, Бәйтерек, Жаңақала, Жәнібек, Қаратөбе, Тасқала аудандарында курстар өтуде.

Бұл курстар білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайында ауылдық шағын жинақталған мектеп жетекшілерінің басқарушылық дағдыларын арттыруға бағытталған. Курстарда педагогтер цифрлық немесе аралас оқыту форматының стратегиялары мен әдістерін; синхронды және асинхронды коммуникацияны; саралау мен дараландыруды, кері байланыс беру үшін онлайн-сервистерді пайдалана отырып, оқу сабақтарын жоспарлауды меңгереді.

Сонымен бірге курс тыңдаушылары цифрлық білім беру технологиялары негізінде интерактивті тапсырмалар мен сабақ үзінділерін дайындайды. 2024-2025 жылдары жобаны барлық өңірлерге тарату жоспарланған.

БҚО, мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсы, , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2023 10:25

Сурет: "Өрлеу" БАҰО АҚ кәсіби даму институтының баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды бағдарламасының "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсысымыз үшін. Қазір және әрдайым" іс-қимылын іске асыру мақсатында "Өрлеу" "шағын жинақты мектептердің басшылары үшін" "шағын жинақты мектепті басқарудағы цифрлық шешімдер және "шағын жинақты мектептердің педагогтері үшін пәндерді оқытуда цифрлық ресурстарды пайдалану" білім беру бағдарламалары әзірленді. Бағдарламалар "Қазақстан халқына" қоры, білім беруді тұрақты дамыту қоры, ҚР Оқу-ағарту министрлігі және Ақтөбе облысының әкімдігі іске асыратын "цифрлық технологияларды қолдана отырып, Ақтөбе облысының шағын жинақты ауылдық мектептерінің әлеуетін дамыту" пилоттық жобасы шеңберінде дайындалды. Бұл жобадағы "Өрлеу" миссиясы - ауылдық және қалалық мектептердің мұғалімдері арасындағы IT-құзыреттіліктегі алшақтықты азайту, сол арқылы ауылдық жерлердегі оқушыларға сапалы білім алуға мүмкіндік беру. Шағын жинақты мектептердің әлеуеті зор, оны ашу – жобаға қатысатын барлық уәкілетті органдардың ортақ міндеті", – деді "Өрлеу" Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының басқарма төрағасы Еламан Айбульдинов.

БҚО, мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсы, , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2023 10:25

Сурет: "Өрлеу" БАҰО АҚ кәсіби даму институтының баспасөз қызметі

Айта кетейік, батыс өңірінде алғаш рет басталған шағын жинақты мектептерде оқу процесін цифрландыру курсы қыркүйектің соңына дейін жалғасады. Бұл курстар біздің өңірден бөлек Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында ұйымдастырылуда.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: