Қазақ тілін меңгеру деңгейі енді жаңа талаптармен анықталады

Қазақ тілін меңгеру деңгейі енді жаңа талаптармен анықталады, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2023 10:30 Сурет: Сауда және интеграция министрлігі
Елордада Стандарттау жөніндегі кеңейтілген ғылыми-техникалық кеңес өтті. Онда ҚР ұлттық стандарттарының жобалары қаралды. Оның ішінде Деңгейлер бойынша қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері жөніндегі жобалар мақұлданды.

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, стандарттың негізгі мақсаты – қазақ тілін меңгеру деңгейін белгілеу. Содан кейін Қазақстанның Ұлттық тестілеу орталығы тестілеуді өткізіп, тиісті сертификаттар береді.

Міндетті тестілеуден мынадай санаттар өтеді:

  • магистратура мен докторантураға түсетін студенттер.
  • мемлекеттік әкімшілік қызметтің "А" органының кадр резервіне енгізілген қызметкерлер.
  • "Болашақ" халықаралық стипендиясына үміткер талапкерлер.
  • ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясына түсуге үміткер студенттер.
  • "Назарбаев Зияткерлік мектебінің" оқытушылары.

Әзірлеушісі – ҚазСтандарт. Қолданысқа енгізілетін болжамды күні – 2024 жылдың 1 қаңтары.

"Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңның қабылдануымен байланысты жоғарыда аталған әзірленген стандарттар өте қажет, өйткені олар жұмысты нақты регламенттер мен талаптарға сәйкес келтіреді", - деп атап өтті мәжіліс депутаты Иса Қазыбек.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: