Қазақстанда 10 сәуірде қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалайтын КАЗТЕСТ өтеді

Казахский язык, государственный язык РК, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.03.2026 11:43 Фото: pixabay
2026 жылғы 10 сәуірде Қазақстанда КАЗТЕСТ жүйесі бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалайтын сертификаттау тестілеуі өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметі бойынша, электрондық форматтағы емтихан келесі қалаларда өткізіледі: Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Өскемен, Орал, Петропавл, Павлодар, Семей, Тараз, Талдықорған, Түркістан.

Өтініштер 27 наурыздан 8 сәуірге дейін қабылданады.

Өтініш беру үшін:

  • Сайтқа тіркелу;
  • "Өтініш беру" батырмасын басу;
  • "Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – КАЗТЕСТ" опциясын таңдау;
  • "КАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттау тестілеуі" батырмасын басу.

Тестілеу 4 блоктан тұрады:

  • Тыңдау (Аудирование) – 20 тапсырма, 20 минут;
  • Оқу (Чтение) – 40 тапсырма, 50 минут;
  • Жазу (Письмо) – 2 тапсырма, 50 минут;
  • Сөйлеу (Говорение) – 2 тапсырма, 7 минут.
  • Сертификат алу үшін әр блок бойынша қажетті шекті балл жинау қажет.
""Жазу" және "Сөйлеу" бөліктері бойынша нәтижелер тестіленушінің жеке кабинетінде тестілеу аяқталғаннан кейін 15 жұмыс күні ішінде жарияланады", – деп хабарлайды Ұлттық тестілеу орталығы.

Тестілеуге қатысу құны – 7121 теңге.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандағы ЕНТ нәтижелерін жаппай жою туралы ақпарат жарияланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: