Жаңалықтар тізбегі
0

"Диуани лұғат-ат-түрктің 950 жылдығы": түркі әлеміне ортақ мұра туралы жинақ басып шығарылады

Халықаралық конференция, Бішкек, Диуани лұғат-ат-түрктің 950 жылдығы , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2024 21:58 Сурет: Facebook/Түркі академиясы
Бүгін, 24 маусымда Бішкекте түркі әлемінің ортақ мұрасы - "Диуани лұғат-ат-түрктің 950 жылдығы" атты халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шараны Түркі академиясы Ататүрік атындағы мәдениет, тіл және тарих жоғары кеңесі жанындағы Түрік тілі қоғамымен бірлесіп, сондай-ақ Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Шыңғыс Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институтының қолдауымен ұйымдастырды.

"Конференцияда Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Түркия елдерінен келген түркітанушылар автордың өмірбаяны, "Диуани лұғат-ат-түрк" туындысының жазылу мақсаты, шығарманың тілі, сонымен қатар еңбекте қамтылған тарихи-этнографиялық мәліметтер мен әдеби материалдар секілді ғылыми мәселелерді талқылады", делінген Түркі академиясының хабарламасында.

Сондай-ақ Түркі акадмиясының президенті Шаһин Мұстафаев бүгінгі жиында оқылған баяндамалар арнайы жинақ болып шығарылатынын айтты. 

Айта кетсек, 23 маусымда Бейімбет Майлиннің шығармалар желісімен түсірілген "Талақ" қазақ фильмі Шанхай халықаралық кинофестивалінде бас жүлдеге ие болғаны хабарланған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: