Сейсмикалық белсенді аймақтарда пайдалану үшін арматуралар сынақтан өткізілуде

"ҚазҚСҒЗИ" АҚ мамандары 20, 22, 25, 28 және 32 мм диаметрлі арматура өзектеріне зертханалық зерттеулер жүргізуде. Олардың сейсмикалық белсенді аймақтарда қаншалықты берік болатыны сыналуда, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мәліметінше, барлығы 45 үлгі тексерілді, олардың құрамына бүтін арматура элементтерімен қатар, "GRAD" бұрандалы муфталарымен қосылған үлгілер де кіреді.
"Арматура ресейлік стандарттарға сәйкес А500С класындағы болаттан жасалған. Қосылыстар өзек ұштарындағы арнайы бұранда және берік муфталар арқылы орындалды. Сынақтар аяқталу кезеңінде. Егер оң сипаттамалар расталса, бұл материалдарды сейсмикалық белсенді аймақтарда пайдалануға арналған құрылыс құрылымдарында қолдануға ұсыным беруге болады", делінген министрлік хабарламасында.
Бұған дейін Алматының оңтүстік-шығысында жер сілкінгенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript