Көлемі Ұлыбританиямен бірдей мұздық еру үстінде - ғалымдар дабыл қағуда

Ұлыбританияның көлемімен бірдей мұздық еру үстінде - ғалымдар дабыл қағуда , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2026 14:35 Сурет: pixabay
Антарктидадағы Туэйтс мұздығын ғалымдар "Қиямат күні" мұздығы деп атап кеткен. Бүгінде бұл жаратылыс ғылым иелерінің үлкен алаңдаушылығын туғызып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандардың айтуынша, мұздық жылы ағындарға қарай жылжып келеді. Көлемі бір Ұлыбританиядай мұздық ерісе табиғи апат болуы мүмкін. Ғалымдар оның еруі тек дүниежүзілік мұхит деңгейінің көтерілуіне ғана емес, бұрын қатып тұрған ежелгі микроорганизмдер босап, теңіз ортасында таралуы мүмкін екенін ескертуде.

Океанолог, Ресей географиялық қоғамының мүшесі Анатолий Таврическийдің сөзінше, мұздықтың қозғалысын үнемі бақылап отыру қажет. aif.ru сайтына берген сұхбатында ол мұздықтың орнының өзгеруі кемелер үшін қауіпті болуы мүмкін екенін және теңізшілерге уақтылы хабарландыру қажеттігін атап өтті.

Бұған дейін Ұлыбританияда темір дәуіріне тән ерекше жауынгерлік керней табылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: