Ғарышкерлер Crew-12 экипажымен кездесу сәтіндегі суреттермен бөлісті
Сурет: Роскосмос
Ресейлік ғарышкер Сергей Кудь-Сверчков Crew-12 экипажын Халықаралық ғарыш станциясында қарсы алу сәтінен түсірілген фотосуреттермен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресейлік сынақшы-ғарышкер түсірген кадрлар Роскосмос агенттігінің Telegram арнасында жарияланды.

Сурет: Роскосмос
"Халықаралық ғарыш станциясы Crew-12 экипажын қарсы алды. ХҒС-қа біздің ғарышкер Андрей Федяев, сондай-ақ астронавтар Джессика Меир, Джек Хэтэуэй және Софи Адено келді", – делінген жазбада.

Сурет: Роскосмос
Бұған дейін NASA экипаж санының қысқаруына байланысты Crew-12 миссиясының ХҒС-қа ұшырылу уақытын өзгерткенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript