Жезқазған маңында "Союз" ғарыш кемесінің экипажын қарсы алуға дайындық жүріп жатыр
Сурет: Telegram/Роскосмос
"Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, белгіленген тәртіпке сәйкес, қонуға бір тәулік қалғанда Жезқазған қаласы маңындағы қону аймағында әуе және жерүсті топтарынан құралған жедел-техникалық топ жұмысын бастайды. Дәл осы мамандар Жерге оралған экипажды бірінші болып қарсы алады.
"Кейде қону аппараты жерге түскеннен кейін бір қырына құлап қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда құтқарушылар люкті ашып, ғарышкерлерді аппараттан сол күйінде қауіпсіз алып шығады",- деп мәлімдедді ведомство.
Халықаралық ғарыш станциясынан (ХҒС) Жерге қайтар жолда экипаж "Союз" кемесінің қону аппараты шамамен 16,5 мың шақырым қашықтықты еңсереді. Кеменің станциядан ажыраған сәтінен бастап жерге қонғанға дейінгі бүкіл сапар шамамен үш сағатқа созылады.
Мамандардың айтуынша, Халықаралық ғарыш станциясынан жеткізілетін жүктің көлеміне байланысты экипаж отырған қону аппаратының жалпы салмағы 3 тоннаға дейін жетуі мүмкін.
"Роскосмос" өкілдері орбитадан Жерге түсу ғарыш сапарының ең күрделі кезеңдерінің бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ олар экипаждың Жерге оралу процесінің қалай өтетінін көрсетті.
Еске салсақ, 14 шілдеде Қазақстан уақытымен сағат 19:48-де Байқоңыр ғарыш айлағынан кезекті "Союз" зымыран тасығышы Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) аттанған.