Бүгін, 14 шілдеде "Союз" зымыраны Байқоңырдан ғарышқа ұшырылады

Бүгін, 14 шілдеде "Союз" зымыраны Байқоңырдан ғарышқа ұшырылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2026 11:23 Сурет: Роскосмос
14 шілдеде Қазақстан уақытымен сағат 19:48-де Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз" зымыран тасығышы Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) аттанады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, негізгі экипаж құрамына ресейлік ғарышкерлер Петр Дубров пен Анна Кикина, сондай-ақ NASA астронавты Анил Менон енді.

Ғарыш кемесінің командирі болып Петр Дубров тағайындалды. Бұл оның ғарышқа екінші рет ұшуы болмақ. Алғашқы экспедициясы кезінде ол Жер орбитасында 355 тәуліктен астам уақыт болып, ашық ғарышқа төрт рет шыққан.

Анна Кикина да Халықаралық ғарыш станциясына екінші мәрте аттанады. Ол 2022 жылы Crew-5 миссиясы аясында Crew Dragon ғарыш кемесімен ғарышқа ұшқан болатын.

Ал Анил Менон үшін бұл алғашқы ғарыш сапары болмақ.

Бүгін, 14 шілдеде "Союз" зымыраны Байқоңырдан ғарышқа ұшырылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2026 11:23

Сурет: Роскосмос

Алдын ала жоспар бойынша, экспедиция 261 тәулікке созылады.

Бұған дейін Бірегей ғарыш обсерваториясы Жерге құлауы мүмкін екенін, оны құтқару үшін бұрын-соңды болмаған операция басталатындығын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: