Елімізде магистратураға түсу үшін 43 мыңнан астам адам кешенді тест тапсырды
Сурет: pexels
ҚР Ғылым және жоғары оқу министрлігінің (ҒЖОМ) баспасөз қызметі 2026 жылы 2 тамызда магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің аралық қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оған сәйкес, тестілеу басталғалы елімізде 43 мыңнан аса адам магистратураға түсу үшін КТ тапсырды.
"Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша түсушілердің 44%-ы, бейінді бағыт бойынша 21%-ы шекті балл жинады. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша орташа көрсеткіш 75 балл, бейінді бағыт бойынша 23 балл болды. Ең жоғары балл – 138". ҚР ҒЖОМ баспасөз қызметі
Тестілеу басталғалы 67 түсушінің нәтижесі жойылды. Оның ішінде:
- 49 түсуші смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
- кешенді тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 18 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды.
"Тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда онлайн-апелляция беруге болады. Тестіленуші емтихан аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Апелляция 7 жұмыс күні ішінде қарастырылады, одан соң сертификат түсушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады". ҚР ҒЖОМ баспасөз қызметі
Министрлік мынаны еске салады:
- ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсу үшін кемінде 75 балл,
- бейіндік бағыт бойынша кемінде 30 балл жинау қажет.
Естеріңізге сала кетсек, магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге 61 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Магистратурада оқуға 11 мыңға жуық грант бөлінді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript