Жаңалықтар тізбегі
0

ҚДКБҚ кепілді өтем төлеуге арналған резервінің көлемі ұлғайды

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры, депозит, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2022 13:38 Сурет: pixabay
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының арнайы резервінде жинақталған қаражаттың көлемі жыл басынан бері 1,6%-ға ұлғайып, шамамен 864 млрд теңге болды.

Бұл туралы ҚДКБҚ Әдіснама және талдау басқармасы бастығының орынбасары Рузалия Гильмудинова мәлімдеуінше, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырар болсақ, ол 6,6%-ға өсті.

Қордың арнайы резервінің қаражаты депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған. Егер қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айырылар болса, оның салымшыларына кепілді өтем осы арнайы резерв есебінен төленеді. Қазіргі уақытта арнайы резерв 20 қатысушы банктің жарналары есебінен қалыптасады.Рузалия Гильмудинова

Оның айтуынша, банктердің жарналарынан басқа, арнайы резервті қалыптастырудың негізгі көздерінің бірі – инвестициялық табыс. Ол Қордың арнайы резерві мен меншікті активтерін инвестициялаудан түседі.

Кепілдік берілген өтемді қамтамасыз ету үшін қосымша ретінде Қордың жарғылық капиталының 70%-ға дейінгі мөлшері пайдаланылуы мүмкін.

Осылайша қалыптасқан резерв Қорға ислам банктерін қоспағанда, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру жүйесіне (ДКЖ) қатысушы банктердің салымшыларының депозиттерін кепілдендіруге мүмкіндік береді.Рузалия Гильмудинова

Салымшылар ДКЖ қатысушы банктердің тізімімен Қор сайтында толығырақ таныса алады.

ҚДКБҚ өкілі таратқан ақпар бойынша, 2022 жылғы 1 мамырға қарай ҚДКБҚ арнайы резервінде қатысушы банктердің жарналарының үлесі 377,1 млрд теңгеге жетті. Қордың жарғылық капиталының 70%-ын қосқанда, арнайы резервтің жиынтық көлемі тұрғындардың депозиттерінің 6,6%-ына тең.

Қазіргі уақытта арнайы резервтің көлемі заңнамада белгіленген 5%-дық деңгейден жоғары және салымшылардың шоттарының 99,8%-ын толық көлемде қамти алады. Егер шет мемлекеттердің депозиттерді сақтандыру қорларындағы қаражат деңгейімен салыстырар болсақ, Қордың арнайы резервінің көлемі жеткілікті деңгейде және әлемдік практикаға сәйкес келеді. Қордың талдаушысы Гильмудинова

Салымшылар толыққанды ақпаратты 1460 тегін нөміріне қоңырау шалу арқылы біле алады. Сонымен қатар сауалдарын info@kdif.kz және kdif@kdif.kz пошталарына жолдауға немесе @kdif_ask Telegram-чатына сұрақ қоюларына мүмкіндіктері бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: