19 желтоқсандағы түскі саудада рубль құлдырауын жалғастыруда

Рубль арзандады, 19 желтоқсандағы валюта бағамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2022 16:00 Сурет: pixabay
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы 468,24 теңгені (+0,09) құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
  • Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,18 теңгеге (-0,05) түсті.
  • Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 0,23 төмендеп, 66,98 теңгені құрады.
  • Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 497,56 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 469,5-472,5 теңге, еуро 497-501 теңге, ресей рублі 6,8-7,1 теңге аралығында сатылуда.

Ал 19 желтоқсандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

Осылайша, Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,9%-ға өсіп, барреліне 79,78 долларды құрады.

АҚШ-тың West Texas Intermediate мұнайының бағасы барреліне 1%-ға өсіп, 75,03 долларды құрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: