22 желтоқсандағы түскі саудада доллар мен рубль бағамы төмендеді
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,03 теңгеге төмендеп, 466,98 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,56 теңгеге (-0,16) түсті.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 67,03 теңгені (-0,37) құрады.
Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 499,16 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 466,5-469,5 теңге, еуро 495-500 теңге, ресей рублі 6,1-6,5 теңге аралығында сатылуда.
Ал, 22 желтоқсандағы аукционда әлемдік мұнай бағасы сәл көтерілді.
Осылайша, ICE Futures бойынша Brent маркалы мұнайдың ақпан фьючерстерінің құны 0,30%-ға өсіп, барреліне 82,45 долларды құрады.
NYMEX электрондық саудасында ақпан айындағы WTI фьючерстері 0,38%-ға өсіп, барреліне 78,59 долларды құрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript