Жаңалықтар тізбегі
0

Қасақана банкроттық белгілерін анықтау үшін қандай шаралар қарастырылған: Ержан Біржанов жауап берді

Банкке қарызы бар адамдар қасақана қаржысын жасыра алады ма, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2023 13:17 Сурет: Zakon.kz
Қазір көп адамдар 4-5 несие алып, екуін ғана көрсетіп, қалғандарын жасырып қалады сондай кезде не істейсіздер? деген сұраққа қаржы вице-министрі Ержан Біржанов онлайн конференцияда жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Вице-министрдің сөзінше, қасақана қарыздан жалтару немесе ақпаратты қарау үшін барлық банктардағы ақпарат көзі арқылы интеграция жүргізіледі. 

"Қазіргі таңда азамат арыз беретін болса, қандай оның қарыздары бар, қандай банк арқылы алғаны жайында мағлұматтарды ала аламыз. Банктармен осы процедуралар кезінде мәлімет алмасып, сұрақтарды қараймыз. Сондықтан бір кредитын көрсетіп, екіншісін жасырып қалу сынды сұрақтар туындамауы керек. Онда сол сынды арыздар бізге өндіріске енбейді." Ержан Біржанов

Екіншіден егер қасақана осындай банкроттық процедураларды қолданып, процесс кезінде банкроттық деп танылса, оған 3 жыл бойы мониторинг жүргізіледі.


"Бір жылдың ішінде, әлде жарты жылдың ішінде мүлік алатын болса ол туралы ақпаратты кредиторларына береміз. Кредиторлар сот арқылы сол шешімді қайтадан алдыртып тастауы мүмкін. сондықтан жақсылап ойлану керек азаматтар, - деп қосты вице-министр. "
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: