ҚР азаматтарының төлем қабілетін қалпына келтіру туралы заң: Қаржы менеджерінің кандидатурасы қалай анықталады
Сурет: pixabay
Қаржы менеджерлеріне арнайы талаптар жоқ. Бұл жөнінде заңды түсіндіруге арналған онлайн конференцияда қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Заңнамада олардың құрамына заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің банкроттық рәсімін іске асыратын әкімшілер, бұрынғы заңды тұлғаларды банкрот жасайтын адамдар, кәсіби бухгалтерлер, заң кеңесшілері және де аудиторлар кіретіні көрсетілген.
Қаржы министрлігі өкілінің айтуынша, қаржы басқаушыларына қойылатын басты талап – олар бір палатада тіркеуде тұрған болуға тиіс және олардан ешқандай емтихан алынбайды.
"Осы азаматтар бізге арыз беру арқылы біздің тізімге қосыла алады. Айта кететін жағдай, бұл процедурада төлем, емтихан алынбайды. Өкілетті орган кандидаттарды тізілімге кіргізу арқылы бекітеді".Ержан Біржанов
Сондай-ақ қаржы вице-министрі халықты несие мәселесін банкпен шешіп алмастан, банкроттыққа арыз беруге асықпауға шақырды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript