17 мамырдағы саудада доллар өсті
Сурет: pixabay
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,45 теңгеге көтеріліп, 449,69 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы Алматы уақыты бойынша сағат 12:00-де төмендеп, 64,12 теңге (-0,30) болды.
Еуро бағамын Ұлттық банк 489,24 теңге, рубль 5,61 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 447,5-450,5 теңге, еуро 488-493 теңге, ресей рублі 5,45-5,7 теңге аралығында сатылып жатыр.
17 мамырда Brent маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстері барреліне 0,01%-ға қымбаттап, 74,92 доллар болды, ал WTI маркалы мұнайдың маусымдағы фьючерстері 0,04%-ға арзандап, 70,83 доллар болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript