Жаңалықтар тізбегі
0

Шетел банктері Қазақстанға келсе, халық несиені аз мөлшерлемемен ала ма

Шетел банктері Қвазақстанға келсе, халық несиені аз мөлшерлемемен ала ма, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2023 16:56 Сурет: Zakon.kz
Парламент отырысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова шетелдік банктер келсе, қазақстандықтар несиені арзанырақ ала ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында банк секторының проблемасы жоғары шоғырлану екенін айтты. Оның айтуынша, бүгінде елімізде 21 банк жұмыс істейді.

"Бұл саладағы бәсекелестікті арттыру үшін елімізге үш сенімді шетелдік банкті тарту керек", - деді Тоқаев.

Осыған орай, парламент отырысында журналистер шетелдік банктер Қазақстан нарығына кірсе, қазақстандықтар арзан несиені, оның ішінде арзан ипотеканы күту керек пе деген сауал қойды.

"Жаңа банк келсе де, ол елде қалыптасқан базалық мөлшерлемеге, экономикадағы ақша құнына назар аударады. Шетелдік банк келіп, ресурстарды түрлі мөлшерлемемен ұсына бастауы, негізі ол бұлай жұмыс істемейді. Экономикада ақшаның құны бар және олар кез келген жағдайда базалық мөлшерлемені басшылыққа алады", - деді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымова.

1 қыркүйекте президент өз жолдауында Қазақстанға үш шетел банкін тарту керек екенін айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: