Жаңалықтар тізбегі
0

Коммуналдық кәсіпорынға қарыз Алматы тұрғындары енді оны айыппұлсыз төлей алады

Коммуналдық кәсіпорынға қарыз Алматы тұрғындары енді оны айыппұлсыз төлей алады, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2023 14:34 Сурет: Zakon.kz
Жылыту және ыстық сумен жабдықтау қызметі үшін коммуналдық кәсіпорын алдындағы қарызын айыппұлсыз төлегісі келетін жылу энергиясын пайдаланатын тұтынушылар үшін Алматында "Қарызды төле - өсімпұлды алып тастаймыз!" атты науқан басталды.

Өсімпұлды алып тастап, үнемдеумен бірге бұл мүлікке шектеулер мен тыйым салуларды, сонымен қатар, банктердегі есеп айырысу шоттарындағы шектеулерді алып тастауға мүмкіндік береді.

"Акцияға қатысу үшін осы жылдың қазан айынан желтоқсанның соңына дейін берешекті толық төлеп, "Алматы жылу жүйесі" ЖШС-на өтінішті, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, негізгі борышты (кассалық чекті) төлегенін растауды мына электрондық поштаға ұсыну қажет: info@alts.kz немесе орналасқан аумақ бойынша ТҚКО (тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтарына) біріне жүгіну керек". Алматы әкімдігі

ТҚКО мекен-жайлары және байланыс деректері:

  • "Батыс" ТҚКО (Алатау, Әуезов және Наурызбай аудандарына қызмет көрсетеді) – "Ақсай-4" ықшамауданы, 51-Б, телефондары: 341-05-30, 341-05-31, WhatsApp: +7 (701) 300-70-69, е-mail: batys@alts.kz;
  • "Орталық" ТҚКО (Алмалы және Бостандық аудандарына қызмет көрсетеді) – Шапық Шөкин көшесі, 221-В, телефондары: 341-05-28, 341-05-29, WhatsApp: +7 (701) 300-70-65, е-mail: ortalyc@alts.kz;
  • "Шығыс" ТҚКО (Жетісу, Медеу және Түрксіб аудандарына қызмет көрсетеді) – Наманған көшесі, 39-А, телефондары: 341-05-32, 341-05-33, WhatsApp: +7 (701) 300-70-54, е-mail: shygis@alts.kz.


"Сонымен бірге мына телефон 341-07-77 нөміріне қоңырау шалып, АлЖЖ анықтамалық қызметіне хабарласу арқылы берешек туралы ақпарат немесе жылу энергиясын есептеу бойынша кеңес алуға болады. WhatsApp нөміріміз де бар: +7 (701) 027-11-20 (хабарламаларды ғана қабылдайды). Берешек төленбеген жағдайда төлемеушілерге жылу беру тоқтатылып, қарыз сот арқылы өндіріп алынады", - делінген әкімдік хабарламасында.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: