24 қазандағы саудада доллар арзандады
Сурет: pexels
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,57 теңгеге төмендеп, 475,86 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 65,28 теңге (-0,07) болды.
Еуро бағамын Ұлттық банк 507,02 теңге, рубльді 5,07 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 475,5-478,3 теңге, еуро 505-509,5 теңге, ресей рублі 4,97-5,15 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал 24 қазандағы саудада әлемдік мұнай бағасы төмендей түсті.
ICE Futures электрондық саудасында желтоқсандағы Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны 0,14%-ға арзандап, барреліне 89,70 долларға дейін төмендеді.
NYMEX электронды саудасында WTI маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері 0,19%-ға төмендеп, барреліне 85,33 доллар болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript