27 қарашадағы аукционда доллар айтарлықтай арзандады
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,43 теңге төмендеп, 459,37 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 64,28 теңге (-0,57) болды.
Еуро бағамы Ұлттық банк белгілеген – 504,86 теңге, рубль – 5,21 теңге.
Ақша айырбастау орындарында доллар 459,9-462,1 теңгеден, еуро 501,5-504,5 теңгеден, ресей рублі 5,03-5,17 теңгеден сатылып жатыр.
Ал 27 қарашадағы аукционда әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр. Осылайша ICE Futures электронды саудасында ақпандағы Brent фьючерстерінің құны 0,82% арзандап, барреліне 79,82 доллар болды.
NYMEX электронды саудасында WTI мұнайының қаңтардағы фьючерстері барреліне 0,89% арзандап, 74,87 доллар болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript