"Самұрық Қазына" қорының микроқаржы ұйымдарын қаржыландырып келгені рас па
Онда Instant Payments ЖШС тоғыз жылда ұлттық компаниядан 5 миллиард 700 миллион теңге табыс тапқаны жазылған. Ол компанияның қазіргі қожайыны кезінде Оператор РОП ЖШС да қызмет еткен Диас Мәдиқожин есімді азамат екені белгілі болды.
Сонымен қатар ол Астана халықаралық қаржы орталығында тіркелген Global crypto mining limited-пен Leasing group акциясының акционерлік қожайыны көрінеді. Leasing group компаниясы көлік, құрылыс, машина жасаумен ауыл шаруашылығы саласында лизингті операциялармен айналысады. Компания шілде айының өзінде 550 миллион теңге табысқа кенелген. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады.
Еуразия бірінші арнасы мәселенің анық-қанығына көз жеткізу үшін Самұрық Қазына қорына ресми сауал жолдаған. Бірақ әзірше еш жауап жоқ.