Қазақстандағы саудада доллар тағы құлдырады

Доллары, деньги, обмен валют, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.12.2024 15:56 Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 10 желтоқсанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,50 теңгеге төмендеп, 508,05 теңгені құрады.

Ал юаньның орташа сараланған бағамы 0,06 теңгеге төмендеп, 70,13 теңгені құрады.

Ақша айырбастау орындарында доллар 511,14-514,86 теңгеге, еуро 536,66-538,18 теңгеге, рубль 5,05-5,16 теңгеге сатылуда.

Сонымен бірге, 10 желтоқсандағы аукционда мұнай бағасы да арзандай бастады.

Brent маркалы мұнай бағасы 0,43%-ға арзандап, барреліне 71,84 долларды құрады. АҚШ-тың WTI маркалы мұнай фьючерстері барреліне 68,01 долларды құрады, бұл алдыңғы сессиядан 0,37%-ға төмендеді.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 510,08 теңге, еуроны 539,61 теңге, рубльді 5,15 теңге деп белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: