Демалыс алдындағы саудада доллар құлдырады

Доллары, деньги, обмен валют, обменник , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2024 16:14 Фото: pixabay
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 24 қазанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,14 теңгеге төмендеп, 485,11 теңгені құрады.

Юаньнің орташа сараланған бағамы 68,16 теңгеге (-0,09) дейін төмендеді.

Ақша айырбастау орындарында доллар 484,5-486,9 теңгеге, еуро 523-527 теңгеге, ресей рублі 4,99-5,09 теңгеге сатылуда.

Бұл ретте 24 қазандағы аукционда әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында желтоқсан айындағы Brent фьючерстерінің құны 1,48%-ға өсіп, барреліне $76,07 құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының желтоқсандағы фьючерстері 1,62%-ға өсіп, барреліне 71,92 долларды құрады.

Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 486,65 теңге, еуроны 524,46 теңге, рубльді 5,05 теңге деп белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: