13 наурыздағы саудада доллар күрт көтерілді

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 13 наурызда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 5,59 теңгеге көтеріліп, 495,28 теңге болды.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 68,13 теңгеге (+0,56) дейін өсті.
Ақша айырбастау орындарында доллар 496,5-499,5 теңге, еуро 538-544 теңге, рубль 5,69-5,83 теңге аралығында сатылуда.
13 наурыздағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтерілді.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мамыр фьючерстерінің құны 0,32%-ға өсіп, барреліне $71,18 құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының сәуірдегі фьючерстері 0,31%-ға өсіп, барреліне 67,89 долларды құрады.
Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 484,15 теңге, еуроны 533,47 теңге, рубльді 5,64 теңге деп белгіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript