13 наурыздағы саудада доллар аздап арзандады

Доллар, доллары, тенге, обмен валют, обменник, обменники, курс доллара, курс доллара к тенге, повышение курса доллара, повышение доллара, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2026 15:49 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 13 наурызда сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 491,29 теңге болып, 0,02 теңгеге төмендеді.

Ресей рублінің бағамы 6,12 теңгеге дейін төмендеді (-0,05).

Қытай юанінің бағамы күндізгі саудада 71,33 теңге болды (-0,15).

Айырбастау пункттерінде:

  • доллар 491,1–493,2 теңге аралығында,
  • еуро 563,1–568,8 теңге аралығында,
  • рубль 6,07–6,21 теңге аралығында сатып алынып, сатылып жатыр.

13 наурызда әлемдік мұнай бағасы өсіп жатыр.

Лондондағы ICE (InterContinental Exchange) биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы 0,41 долларға төмендеп, 100,05 долларды құрады.

Ал Нью-Йорктегі NYMEX (New York Mercantile Exchange) биржасында Light маркалы мұнай 0,71 долларға арзандап, баррелі 95,02 доллар болды.

Бұған дейін таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 491,68 теңге, еуроны 568,23 теңге, ал рубльді 6,2 теңге деңгейінде белгілеген еді.

13 наурыз күні таңертең қазақстандық айырбастау пункттерінде шетел валюталары қандай бағамен сатылып, сатып алынғанын арнайы материалдан көруге болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: