15 сәуірдегі саудада доллар арзандап, рубль көтерілді

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,16 теңгеге төмендеп, 516,91 теңге болды.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы, керісінше, 6,30 теңгеге дейін көтерілді (+0,08).
Таңғы саудада юаньның орташа сараланған бағамы 70,64 теңге (-0,28) болды.
Ақша айырбастау орындарында доллар 516,3-518,9 теңге, еуро 585-590 теңге, рубль 6,23-6,35 теңге аралығында сатылуда.
15 сәуірдегі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтерілді.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында маусымдық Brent фьючерстерінің құны 0,09%-ға өсіп, барреліне $64,94 құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының мамырдағы фьючерстері 0,11%-ға өсіп, барреліне 61,60 долларды құрады.
Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 518,21 теңге, еуроны 590,09 теңге, рубльді 6,3 теңге деп белгіледі.