Қазақстанда исламдық қаржы өнімдеріне сұраныс артып келеді

Экономика, предпринимательство, бизнес, инвестиционные контракты, рост экономики, экономический рост, накопление, накопления, сбережение, сбережения, деньги, финансы, инвестирование, инвестиции, капитал, отложения, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2025 16:54 Фото: pixabay
2025 жылдың 19 мамырында Исламдық қаржы және бизнес қауымдастығының төрайымы Мадина Тукулова Islamic Finance and Business Forum форумының мінберінде Қазақстандағы исламдық қаржының даму қарқыны туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ол қазіргі уақытта исламдық қаржылық өнімдерге жоғары сұраныс байқалатынын атап өтті.

"Өткен жылы АХҚО Ислам даму банкімен бірлесіп, исламдық қаржылық өнімдерге сұранысты бағалау бойынша зерттеу жүргізді. Мысалы, тек исламдық депозиттер бойынша сұраныс 2,8 трлн теңгені құрайды. Сонымен қатар, Астана халықаралық қаржы орталығы аясында исламдық қаржы белсенді дамып келеді: бізде заңнамалық база құрылды, алғашқы исламдық қаржылық және қаржылық емес институттар бар. Өткен жылы алғаш рет исламдық бағалы қағаздар шығарылды. Жаңа исламдық инвестициялық қор пайда болды", – деді Мадина Тукулова.

Спикер халық тарапынан исламдық қаржы құралдарына қажеттілік, сондай-ақ исламдық қаржы ойыншылары тарапынан белсенділік байқалатынын толықтырды.

"Зерттеу аясында біз елде 18 бен 65 жас аралығында 2,2 миллион мұсылман бар екенін анытадық. Сонымен бірге, біз исламдық қаржы – дінге қарамастан баршаға арналғанын есте сақтауымыз керек. Бұл – Қазақстан азаматтары үшін баламалы қаржыландыру көзі. Бұл – Таяу Шығыс пен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен инвестиция тарту мүмкіндігі", – деді Мадина Тукулова.

Оның пікірінше, бұл құралдар әрбір қазақстандыққа қажет.

"Біз бөлшек сауда мен ШОБ тарапынан сұраныс пен қызығушылықты байқап отырмыз. Болашақта бұл құралдардың дамуы жалғасады. Сондықтан нарықтағы ойыншылар бөлшек қаржыландыру өнімдерін дамытуға үлкен мән береді деп ойлаймын. Тағы бір мәселе – адамдарда инвестициялық өнімдерге деген сұраныс өте жоғары. Сондықтан инвестициялық құралдар мен исламдық депозиттер қатарын дамыту қажет. Бұдан бөлек, исламдық ипотекаға да сұраныс бар екенін көріп отырмыз. Жалпы алғанда, біз исламдық қаржы өнімдеріне сұраныс 5 триллион теңгеден асады деп бағаладық. Соның ішінде 2 триллион теңгеден астамы – исламдық ипотеканың үлесі", – деп мәлімдеді Тукулова.

Спикер исламдық қаржының дәстүрлі қаржыландырудан қандай айырмашылығы бар екенін де айтып берді.

"Біріншіден, өсімқорлық пайыз болмайды. Яғни ақшадан ақша жасауға болмайды. Ислам қаржысы адалдыққа, этикаға және ашықтыққа негізделген. Сонымен қатар, банк пен клиент арасындағы қарым-қатынас серіктестік сипатта. Олар бір-біріне серіктес ретінде қарайды. Жақында мен бір семинарға қатыстым, онда түрік банктерінің бірінің өкілі өте қызықты нәрсе айтты. Дәстүрлі банк үшін жақсы клиент кім? Ол – төлемдерді уақытында жасайтын, бірақ әрдайым емес адам. Неге? Себебі кешіктірілген төлемдер айыппұлдар мен өсімдерге әкеледі, ал бұл өз кезегінде дәстүрлі банктер үшін табыс көзі болып табылады. Ислам банктерінде айыппұлдар мен өсімдерге тыйым салынған. Бірақ клиенттерге тәртіп орнату үшін шариғат ғалымдары мұндай шараларға рұқсат берген – алайда бұл қаржының барлығы қайырымдылыққа жіберіледі. Бірақ банктің атынан емес, клиенттің атынан", – деп түсіндірді ол.

Бұған дейін 19 мамырдағы саудада доллар аздап көтерілгендігі хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: