Доллар тағы біраз түсті

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,12 теңгеге төмендеп, 508,42 теңге болды.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,43 теңгеге (+0,01) дейін көтерілді.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 70,76 теңгені (-0,07) құрады.
Ақша айырбастау орындарында доллар 509,1-511,5 теңге, еуро 580-584 теңге, рубль 6,33-6,45 теңге аралығында сатылуда.
10 маусымдағы сауда-саттықта мұнайдың әлемдік бағасы көтерілуде.
Осылайша, ICE Futures электронды саудасында Брент тамыз фьючерстерінің құны барреліне 0,28%-ға өсіп, 67,23 долларды құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнай фьючерстері шілде айына 0,28%-ға өсіп, барреліне 65,47 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 508,5 теңге, еуроны 580,66 теңге, рубльді 6,44 теңге деп белгіледі.