31 шілдедегі сауда барысында доллар бағамы айтарлықтай төмендеді
Фото: freepik
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бірден 5,42 теңгеге арзандап, 540,78 теңге болды.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,71 теңгеге (+0,03) дейін көтерілді.
Таңертеңгілік саудада қытай юанінің орташа сараланған бағамы 75,14 теңгені (-0,73) құрады.
Ақша айырбастау орындарында доллар 539,9-542,5 теңге, еуро 616,5-620,5 теңге, рубль 6,61-6,73 теңге аралығында сатылуда.
31 шілдедегі сауда-саттықта мұнайдың әлемдік бағасы әртүрлі бағытта өзгеруде.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында қазан айындағы Brent фьючерстерінің құны барреліне 72,39 долларға дейін 0,11%-ға арзандады.
NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының қыркүйектегі фьючерстері 0,06%-ға қымбаттап, барреліне 70,04 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 546,36 теңге, еуроны 630,44 теңге, рубльді 6,7 теңге деп белгіледі.