27 тамыздағы сауда-саттықта доллар бағамы өсті
Фото: freepik
Доллардың орташа сараланған бағамы 537,63 теңгені құрап, 3,46 теңгеге қымбаттады.
Ресей рублі 6,68 теңгеге дейін (+0,03) өсті.
Қытай юанының орташа сараланған бағамы таңертеңгі саудада 75,02 теңгені құрап, 0,43 теңгеге көтерілді.
Айырбастау пункттерінде доллар 536,9–539,5 теңгеге, еуро 623–627 теңгеге, рубль 6,57–6,69 теңгеге саудалануда.
Бұл ретте, 27 тамыздағы саудада әлемдік мұнай бағасы төмендеуде.
Атап айтқанда, Brent маркалы мұнайдың қараша фьючерстерінің бағасы 0,01%-ға төмендеп, барреліне 66,69 долларды құрады, ал WTI маркалы қазан фьючерстерінің бағасы 0,03%-ға азайып, 63,27 доллар болды.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 533,87 теңге, еуроны – 621,64 теңге, рубльді – 6,64 теңге деңгейінде белгіледі.
Күннің алғашқы жартысындағы валююта бағамын мына жерден көре аласыз.