29 тамызда доллар бағамы өсті

Обмен валют, обмен валюты, обмен денег, обменный курс, валюта, разные валюты, обменник, обменники, обменный пункт, евро, доллары, курс доллара, курс доллара к тенге, повышение курса доллара, повышение доллара, курс евро, курс евро к тенге, повышение курса евро, повышение евро, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2025 16:24 Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 29 тамызда сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 538,54 теңге болып, 0,77 теңгеге қымбаттады.

Ресей рублі 1 тиынға өсіп, 6,70 теңге болды.

Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы таңғы саудада 75,53 теңге болып, 0,32 теңгеге өсті.

Валюта айырбастау пункттерінде:

  • долларды 537,1–539,5 теңге аралығында сатып алып/сатуда,
  • еуро – 626–630 теңге,
  • рубль – 6,59–6,71 теңге аралығында.

Әлемдік мұнай бағасы 29 тамыздағы саудада төмендеуде.

Қазан айына арналған Brent маркалы мұнай фьючерстері 36 центке арзандап, барреліне 68,26 долларды құрады,

Қараша айындағы неғұрлым белсенді келісімшарт 29 центке төмендеп, 67,69 доллар болды.

WTI маркалы мұнай 28 центке арзандап, 64,32 доллар деңгейінде саудалануда.

Таңертең Ұлттық банк келесі айырбастау бағамдарын бекітті:

  • доллар – 537,76 теңге,
  • еуро – 627,62 теңге,
  • рубль – 6,7 теңге.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: