Қазақстанда доллар бағамы төмендеді

Обмен валют, обмен валюты, обмен денег, обменный курс, валюта, разные валюты, обменник, обменники, обменный пункт, доллары, курс доллара, курс доллара к тенге, доллар и тенге, доллары и тенге, повышение курса доллара, повышение доллара, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2025 15:55 Фото: freepik
2025 жылғы 4 қыркүйек күні сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 540,05 теңгені құрап, 0,09 теңгеге төмендеді. Рубльдің бағамы 6,66 теңге болды (-0,04).

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы таңертеңгі саудада 75,65 теңгені құрады (+0,11).

Валютаны айырбастау пункттерінде доллар 539,4–541,2 теңге, еуро 626,6–630,7 теңге, рубль 6,57–6,68 теңге шамасында сатып алынып/сатылуда.

4 қыркүйектегі сауда барысында мұнайдың әлемдік бағасы да төмендеді.

Brent маркалы мұнайдың құны алдыңғы сессиямен салыстырғанда 1,27%-ға төмендеп, барреліне 66,76 долларды құрады.

West Texas Intermediate (WTI) маркалы мұнай бағасы 1,39%-ға төмендеп, барреліне 63,09 долларға жетті.

Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 540,18 теңге, еуро – 628,93 теңге, рубль – 6,68 теңге деңгейінде белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: