Қазақстанда доллар бағамы төмендеді

Доллары, деньги, обмен валют, обменник , сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2025 16:01 Фото: pexels
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 31 қаңтарда сағат 15:30-да шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,05 теңгеге арзандап, 518,15 теңге болды.

Қытайдағы Жаңа жыл мерекесіне байланысты юань биржасында сауда болған жоқ. Рубль бағамы аздап (0,03 теңгеге) өсіп, 5,29 теңгені құрады.

Ақша айырбастау орындарында доллар 518-520 теңге, еуро 538-542 теңге, рубль 5,2-5,25 теңге аралығында сатылуда.

31 қаңтар, жұма күні әлемдік мұнай бағасы сәл көтерілді.

Наурызда жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 61 центке көтеріліп, барреліне 77,48 долларды құрады. Сәуірдегі анағұрлым белсенді келісімшарт барреліне 76,37 долларды құрап, 48 центке көтерілді. Американың WTI (West Texas Intermediate) мұнайы 65 центке қымбаттап, 73,38 долларды құрады.

Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 519,28 теңге, еуроны 540,05 теңге, рубльді 5,31 теңге деп белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: