Қазақстанда доллар бағамы төмендеді

Доллары, деньги, конверт, коррупция, взятка , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2025 15:55 Фото: pexels
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 4 ақпанда сағат 15:30-да шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,56 теңгеге төмендеп, 520,27 теңге болды.

Қытай Халық Республикасында мереке күндері болғандықтан юань биржасында сауда болған жоқ.

Ақша айырбастау орындарында доллар 520,25-522,58 теңге, еуро 536,33-540,33 теңге, рубль 5,20-5,29 теңге аралығында сатылуда.

Дүйсенбі күнгі көтерілгеннен кейін 4 ақпандағы саудада әлемдік мұнай бағасы күрт төмендеді.

ICE Futures электрондық саудасында Brent фьючерстерінің бағасы 1,20%-ға төмендеп, барреліне 75,05 долларды құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнай фьючерстері 1,94%-ға арзандап, барреліне 71,70 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 521,6 теңге, еуроны 534,27 теңге, рубльді 5,25 теңге деп белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: