Қазақстанда доллар бағамы күрт төмендеді

Доллар, доллары, тенге, обмен валют, обменник, обменники, курс доллара, курс доллара к тенге, повышение курса доллара, повышение доллара, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2025 16:19 Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 24 маусымда сағат 15:30-да шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,84 теңгеге төмендеп, 519,26 теңге болды.

Рубль бағамы 6,64 теңге (-0,01) болды.

Таңертеңгілік саудада қытай юанінің орташа сараланған бағамы 72,51 теңгені (-0,34) құрады.

Ақша айырбастау орындарында доллар 519,5-522 теңге, еуро 602-605 теңге, рубль 6,55-6,62 теңге аралығында сатылуда.

Әлемдік мұнай бағасы алдыңғы күндердегі көтерілгеннен кейін төмендей бастады.

Brent маркалы мұнай баррелінің құны алдыңғы сессиядан бері 2,85%-ға арзандап, 68,51 долларды құрады.

Бұл ретте West Texas Intermediate (WTI) мұнайының бір баррелінің бағасы 2,73%-ға арзандап, 66,64 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 523,46 теңге, еуроны 600,04 теңге, рубльді 6,69 теңге деп белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: